«Елдігіміздің бой тұмары – ел бірлігі» Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған «Елдігіміздің бой тұмары – ел бірлігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың атына келіп түскен үндеулер мен құттықтаулар кітабы «Ақ тілектер ағыны», «Менің Қазақстаным», Қазақстандағы ұлтаралық саясаттың халықаралық үлгіде қалыптасуы мен дамуы», Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы», «Двадцать лет АНК: Одна страна-одна судьба», М.Несимовтың «Қалыптасқан Қазақстан - елбасы саясатының жемісі», А.Сужикованың «Менің Отаным-Қазақстан», А.Қалыштың «Қазіргі Қазақстандағы этникалық және этномәдени процестер», Б.Төлепбергеннің «Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры», «Көп түрліліктегі бірлік», Қазақстан халқы Ассамблеясы-ел тарихында»(екі тілде), «Қазақстан халқы ассамблеясы: алғашқы қадамдар (1995-1997жж.), Д.Қыдыралиевтың «Жерұйық», тағы басқа кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінен алынған фото-материалдар қойылды. |