Ә.Нұрмаханованың «Шығыс шынары» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 12 наурыз күні Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың 95 жылдығына орай Ә.Нұрмаханованың «Шығыс шынары» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты ерлігімен танылған қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлова жайлы әдебиеттерді насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру. «Шығыс шынары» кітабында Әлия Молдағұлованың қыршын өмірі мен жанқияр ерлігі бейнеленген. Повесть оқиғасы қою, нақты фактілер негізінде тартымды баяндалған. Конференцияға Қызылорда гуманитарлық экономикалық  колледжі және М.Мәметова атындағы жоғары гуманитарлық колледж студеттері мен оқытушылары Әлия бойындағы батылдық пен батырлықты, халық санасында қалған Әлияның мәңгілік өшпес ерлігін  толығымен талдап ой бөлісті.

   Қатысушылардың назарына «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі...» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалынды.


 
12 наурыз 2020 ж. 13:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: