1 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға шын көңілден шаттық, көңіл-күй сыйлап, мейірімділікке баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш» атты онлайн мерекелік кеш ұйымдастырды.
Мерекеге І.Қабылов атындағы №12, Б.Шалғынбаев атындағы №217, С.Сейфуллин атындағы №4,Т.Есетов атындағы №264 IT-мектеп-лицейінің және А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің оқушылары қатысты. Қатысушылар туған жер, бақытты балалық шақ, достық, ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.