Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 11 маусым күні «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» факультетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Абасилов Аман Мәделханұлымен тікелей эфир ұйымдастырылды.
Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиіне көшуді жеделдету, көп дауыспен талқылаудан өткен әліпбиді қолданысқа енгізу, латынға көшудің терең логикасын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Эфир барысында латын әліпбиінің қазіргі жай-күйі, зерттелуі, 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды латын әліпбиімен басып шығару, сарапталған тәжірибелер төңірегіндегі деректерді сөз талқыға салды.