KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Әкешім – бәйтерегім» виртуалды поэзия сағаты

    2020 жылдың 21 маусым - Халықаралық әкелер күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Әкешім – бәйтерегім» атты виртуалды поэзия сағатын ұйымдастырды. 

    Шараның мақсаты - жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.

   Қазақ қоғамында әке - қорған, әке - асыраушы, әке - айбын. «Әке» деген сөзді, әкеге қатысты әнді, өлеңді естіген кезде жігерленбейтін, қуаттанбайтын жан жоқ шығар. Бұл өмірде «Әке» деген осынау ардақты сөзде қаншама айдынды да асқақ, салмақты да жігерлі, қайратты да мәртебелі мағына бар.  Ер-азамат қашанда ел қорғаны, отбасының тірегі. Отбасы институтын қалыптастыру, бала тәрбиесіне әкелердің араласуына мүмкіндік жасау өте маңызды. Кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері асқар таудай әкелердің құрметіне арнап «Әкеге сағыныш», «Әкелердің бөлек екен тұлғасы», «Әкеге балаларының тілегі», «Менің әкем мен үшін дара туған» атты өлеңдер оқыды. Көпшілік назарына «Әкешім – бәйтерегім» видеоролик ұсынылды.

 
 

21 маусым 2020 ж. 12:59
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x