Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.
Кітапханаға келіп түсетін баспасөз халықты рухани жағынан байытатын, ел мен елдің арасын байланыстырып, достық қарым-қатынасты орнату мақсатында, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 17 шілде күні «Баспасөз – өмір айнасы» тақырыбында облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Жұмадинова Гүлдана Нұртайқызымен тікелей эфир ұйымдастырды.
Эфир барысында бүгінгі редакция тынысы, жаңалықтың уақытылы жарыққа шығуы, оқырман хаттарындағы пікірлер туралы сөз қозғалды.