«Ұлтын жырлаған ұлы ақын» атты виртуалды кітап көрмесі

    Биыл Қазақстанның халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтің  туғанына 100 жыл. Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Ұлтын жырлаған ұлы ақын»  атты  виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты - ақынның шығармашылығын дәріптеу, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.  

   Жұбан  ақынның жырларының ең басты екі тірегі — туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оқырмандарға  кітапхана  қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылды. 



 
16 шілде 2020 ж. 16:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: