«Жазғы демалысқа жақсы кітаппен» виртуалды кітап көрмесі

   9 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Жазғы кітапхана»   жоба аясында «Жазғы демалысқа  

жақсы  кітаппен»  атты виртуалды  кітап көрмесін  ұйымдастырды.

  Балаларды  дүниетанымын кеңейтетін және кітап оқуға шақыру мақсатында жасалған кітап көрмесі үш бөлімінен құрылды. Алғашқы «Балаларға базарлық» бөлімге балғын бүлдіршіндерге арналған анықтамалықтар  мен энциклопедиялар қойылды. Көрмеде әлем халықтарының озық  көркем шығармалары насихатталды. «Әлемде талай қызық бар» бөлімінде  жеңіл тілде жазылған көркем суреттермен безендірілген  әдебиеттер қойылды. «Қазақстан елі сиқырлы саяхат» бөлімінде еліміздің  географиялық орналасқан жері, табиғи зоналары, жануарлар әлемі, тарихи ескерткіштері жайлы мағлұматтар  беретін кітаптар ұсынылды.


 

09 маусым 2020 ж. 18:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: