«Айбыны асқақ, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан» кітап көрмесі

   2021 жылдың 8 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Айбыны асқақ, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан»атты кең ауқымды, көркемделген, тарихи – деректі кітап көрмесі ашылды. Көрмеге егеменді еліміздің қалыптасу мен дамуын баяндайтын кітапхана қорынан алынған қазақ және орыс, ағылшын тілдеріндегі 300 ден астам әдебиеттер мен 100-ге жуық фотосуреттер қойылды.
   Көрменің басты мақсаты: Ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, тәелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту, тәуелсіздігімізді паш ету.Кітап көрмесі 5 бөлімге топтасты:1) «Қазақ мемлекетінің дамуы: дәуір, оқиғалар,тұлғалар »2) «Жаңа әлемдегі- тәуелсіз Қазақстан»3) «Тәуелсіздік және Елбасы»4) «Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан»5) «Тәуелсіздік толғауы».
 



 
08 қаңтар 2021 ж. 13:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: