2021 жылдың 13 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сіздердің назарларыңызға жыл сайын өтетін «Бір ел - бір кітап» республикалық рухани-мәдени акциясы аясында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА - 30 КІТАП» тақырыбында тұрақты кітап көрмесін ұсынып отыр. Көрменің мақсаты: кітап оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.