«Жауқазын-ғұмыр» шығармашылық клубының отырысы

    2021 жылдың 8 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жас ақын-жазушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, оқырмандармен шығармашылық кештер, кездесулер ұйымдастыру мақсатында «Жауқазын – ғұмыр»  жас ақын  - жазушылар  клубының  отырысы  ұйымдастырылды.
    Отырыс барысында  2021 жылы жоспарланған жұмыс талқыланып, клуб мүшелерінің арасында атқаратын жұмыстары бөлінді, сонымен  қоса  жаңадан  келген  оқырмандар арасынан   іріктеліп,  «Жауқазын ғұмыр»  клубына  жас ақындар қосылды.«Жауқазын-ғұмыр» шығармашылық клубы аясында 2020 жылы 3-21 желтоқсан аралығында «Мен жастарға сенемін!» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне орай жас ақындар байқауы ұйымдастырылған болатын. Осы кеште аталмыш байқаудың жеңімпаздары М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Жас толқын» шығармашыл жастар үйірмесінің мүшелері, Ұлықпан Жолдасов, Санақұл Бексұлтан, Өмірзақ Дидар мен Мантай Назеркелер қатысып, арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.Кеш соңында оқырмандар «Қорқыт Ата мұрасы – түркі руханиятының темірқазығы» атты кітап көрмесімен кеңінен танысты.
 
 

 
08 қаңтар 2021 ж. 16:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: