"Күй анасы - Дина" күй кеші

     2021 жылдың 20 қаңтар күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Күйші-композитор
Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына арналған "Күй анасы - Дина" атты күй кеші өтті.
     Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. 1937 жылы 75 жасында Москвада өткен халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина жүлделі орындарды жеңіп алған.
     Динаның «Той бастары», «Жеңісі», «Әсем қоңыры», «Сегізінші марты», «Сауыншысы» міне осындай мәңгі жасайтын музыкалық мұра болып танылған.

 
20 қаңтар 2021 ж. 11:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: