«Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары» атты кітап көрмесі

     17 наурыз күні  «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында «Ұлы даланың ұлағатты  тұлғалары»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты -  Ұлы Даланың тұлғаларымен оқырмандарды қайта қауыштырып, қоғамдық санада сол ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту. Көрмеге  Манаш Қозыбаевтың «Тұлғалар тұғыры»,  Тұрсынбек Кәкішевтің «Қазақ зиялылары», «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері» /ІХ-ХІХ ғғ. Ғұламалар тағылымы/, Талас Омарбеков құрастырған  «ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ»: танымдық жинақ/, «Қазақ халқының тарихи тұлғалары»: қысқаша анықтамалық, «Естеліктегі Алаш» ғылыми-танымдық басылым, Қайрат Раевтың «Алаштың арда ұлдары», «Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары»  секілді кітаптар  көпшілік назарына ұсынылды.


 

 
 
 
17 наурыз 2021 ж. 10:14
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: