Күйтабақтардың екінші тынысы13 желтоқсан күні күйтабақтар қорындағы жаңа жылдық әндерге шолу жасала отырып, бала кезден сүйікті әнімізге айналған «В лесу родилась елочка» әнінің шығу тарихы таныстырылды. Бұл ән жаңа жылдық әндердің ішіндегі ең танымалы және Ресейдің "Русский репортёр" журналының 2015 жылы жасаған зерттеулері нәтижесінде ғасырдың ең танымал әндерінің бірі ретінде жарияланды. 1903 жылы ұстаз, кітапханашы, ақын Раиса Кудашева "Ёлка" тақпағын "Малютка" журналында жариялайды. Алғашқыда бұл ешкім елемеген, қатардағы тақпақтардың бірі болады. 2 жылдан кейін әуесқой композитор Леонид Бекман кішкентай қызының туған күнінде өлеңді ән қылып айтып береді. Бекманның әйеліне ән ұнап, оны өзі бірден нотаға түсіреді. Сөйтіп, ән халық арасында кең таралып, 1907 жылдан бастап Жаңа жылдың "ресми емес" әнұранына айналады. 120 жылдан астам уақыт болған әннің шығу тарихы таныстырылып, соңынан күйтабақтағы нұсқасы оқырман қауымға тыңдауға ұсынылды. |