KITAPKHANA.KZ
kz ru

Салауатты қартаю – жан қалауы

    3 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы  халықаралық қарттар күніне орай «Салауатты қартаю – жан қалауы» атты мерекелік шара өткізілді. Шараның мақсаты – үлкенге құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастарды инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

   Мерекелік кеш барысында С.Майқанова атындағы қалалық мәдениет үйі жанындағы «Бастаңғы» әжелер ансамблінің мүшелері, облыстық белсенді ұзақ өмір орталығының мәдени ұйымдастырушысы Үсенов Айдар мен көркемдік жетекшісі Қашақбаев Алмат, кітапхана үйірмелерінің оқушылары  мен оқырмандары шара қонақтарына арнап көптеген әндер орындады.  Сонымен қатар кітапхананың жас мамандары  қазыналы қарттарға арнап     өлеңдер оқыды. Би үйірмесінің кішкентай бишілері түрлі ұлттар билерін орындады. Тақырыпқа сай кітап көрмесі дайындалып, шара қонақтарына таныстырылды.

03 қазан 2022 ж. 11:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x