«Әліппенің атасы» атты танымдық кеш

       6 қазан күні облыстық кітапханада Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Әліппенің атасы» тақырыбында  танымдық кеш ұйымдастырылды.

     Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әбілов Алдажар, Қазақстан Журналистер одағының, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Жұмабай Байзақұлы, №140 Абылайхан атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Қырықбаева Гүлжан  және Болашақ медициналық колледжі мен Қызылорда технология және қызмет институтының студенттері қатысты.

      Шара қонақтары Алдажар Әбілов  және Ахмет Байтұрсыновтың Қызылордададағы ағартушылық қызметі жайлы  және ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері ретінде жасаған барлық еңбегі туған халқы үшін қалтқысыз қызмет етуге арналғаны туралы баяндады.

      Өлкетанушы, журналист Жұмабай Байзақұлы бізге жеткен бағалы мұраларының қатарының Байтұрсынұлының өзі ұстап, қолы тиген домбырасымен толыққаны туралы және домбыраның Байтұрсынұлының жиені өзінің қарындасына табыстағанын  және сол кісілердің көмегімен 18 мамыр Халықаралық музейлер күнінде музейге әкеп табысталғаны туралы әңгімеледі.

    Шараның мақсаты өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы  мағлұмат беру, туған халқы үшін аянбай еткен еңбегін дәріптеу, ұрпаққа үлгі ету.

      Кеш барысында оқырмандар  «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесімен танысты.

06 қазан 2022 ж. 18:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: