«Көркем сөздің хас шебері» атты әдеби кеш

   25 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері  Ғабиден  Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Көркем сөздің хас шебері» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

   Кештің мақсаты - көркем сөзден ой кестелеген жазушының шығармаларын, әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, көркем сөйлеуге баулу, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі тұту.

   Шараға №176 мектеп мұғалімдері мен  оқушылары,  Қызылорда көпсалалы «Ұлағат»  колледжінің  студенттері  қатысты. Оқушылар жазушының «Шығанақ» романынан қойылым қойып, арнау өлеңдері мен нақыл сөздерін жатқа оқыды және домбырамен күй орындады. Белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

   Оқырмандар  назарына  жазушының шығармаларынан жинақталған кітап көрмесі ұсынылды.

25 қараша 2022 ж. 19:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: