«Аналар бейнесінің алтын діңгегі» атты кітап көрмесі

        10 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың біртуар актрисасы, қазақ өнерінің тарихында есімі ерекше құрметке ие Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына орай «Аналар бейнесінің алтын діңгегі» атты кітап көрмесі дайындалды.

     Ұлтымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуында есімі ерекше аталатын Бикен Римова өзінің шығармашылық жолын М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» қойылымындағы басты кейіпкер Еңлік рөлін сомдаудан бастаған. Театрдағы рөлдері көбінесе әйел образын ашуға, оның болмысын көрсетуге бағытталған. Сахнада 80-ге жуық кейіпкерді асқан шеберлікпен сомдап шықты.  20-дан астам фильмге түсіп, қазақ киноиндустриясының  да  дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді.

    Кітап көрмесінде оқырман қауымға Б.Римова жайлы еңбектер мен мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалар, өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, түрлі образдағы суреттері мен замандастарының естеліктері ұсынылды.



10 қаңтар 2023 ж. 18:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: