«Өмірің өз қолыңда» атты психолог маманмен тренинг27 қаңтар күні облыстық кітапханада «Өмірің өз қолыңда» атты психолог маманмен тренинг болып өтті. Тренингтің басты мақсаты - өмірдің құндылығы, өмірге деген сүйіспеншілік туралы түсінік беру, позитивті көңіл-күй орнату, достық қарым-қатынасты нығайту, сергіту. Іс-шараға психология ғылымдарының кандидаты, халықаралық сертификатталған коуч, ментор А.Аяғанова және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті студенттері қатысты. Тренинг барысында психолог маман заман кеселі саналатын суицид туралы арнайы ақпараттармен бөлісіп, практикалық мысалдар бойынша түсіндірдірме жұмысын, сондай-ақ көңіл күйді көтеруге және түрлі жағдайлардағы күйзелістердің алдын алу мақсатында ойын-жаттығулар жүргізді. Шара соңында оқырмандар назарына «Өмір-қымбат сый» атты кітап көрмесі ұсынылды. |