7 ақпан күні облыстық кітапханада «Ел ертеңі – адал ұрпақ» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қатынастарды реттейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы ҚР Заңдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы кітаптар мен мерзімді басылым беттеріне жарияланған мақалалар қойылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру, өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру.