10 ақпан күні облыстық кітапханада Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арнап ерлігін, батылдығын, қайсарлығын үлгі ету мақсатында «Бейбарыс Сұлтан – Түркі әлеміне ортақ тұлға» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда универсиетінің тарих ғылымдарының докторы Д.Сәтбай, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектептің тарих пәнінің оқытушысы А.Ибраев қатысып «Сұлтан Бейбарыс ұлы дала елінің барысы» атты тақырыбында баяндама оқыды.
Шара соңында оқырмандар «Бейбарыс сұлтан - тарихи тұлға» атты кітап көрмесімен танысты.