28 ақпан күні бисерден түрлі бұйымдар жасаудан шығармашылық алаң ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастарға бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру, әдемілікке, талғампаздыққа, көркем еңбекке тәрбиелеу.
Шараны қаламыздағы орта оқу орындарының көркем еңбек пәнінің оқытушылары: №101 мектеп-лицейден Абдраманова Жанар Сағатбекқызы, №179 А.Хангелдин атындағы орта мектептен Ештай Айжан Ештайқызы, №261 мектептен Мукеева Гүлзат Ахметқызы жүргізді.
«Бисер ғажайыптары» атты шығармашылық алаң барысында қатысушылар бисерден кешкі қолсөмкелер, мойынға тағатын алқалар, шашқа, қолға арналған сәндік заттар жасауды ерекше қызығушылықпен үйренді.