6 наурыз күні облыстық кітапханада ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Темірше Сарыбаевтың жары Еламанова Ақсұлуға арналған «Шаңырақтың шамшырағы» атты кеш болып өтті. Іс-шараға Құрмет орденінің иегері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы М.Байдаулетов, ақын, педагогика ғылымдарының магистрі, Мәдениет саласының үздігі А.Рахметов, журналист Н.Сауяев және ақынның қарындасы Сүйіндік Қарлығаш қатысып ақын жайлы қызықты естеліктер айтып, сағынышты кезеңдерді еске алды.
Шуақты көктем мерекесімен қатар келген кеште, шаңырағын шайқалтпай, таза сезімнің жылуымен жағылған ошақ отын сөндірмей, балаларына қамқор болып, өнегелі әулеттің отын маздатқан ақынның жарына деген ерекше ықылас жасалып, ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.