«Бастаңғы» интеллектуалды онлайн форумы

    14 наурызда Көрісу күніне орай Зум платформасында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бастамасымен «Бастаңғы» интеллектуалды онлайн форумы ұйымдастырылды.  Форумға бірнеше облыстық кітапханалардың шығармашыл жастардан құралған командалары қатысты. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасының «Сыр жұлдыздары» командасы шараның барлық турларында белсенділік танытып, басымдық көрсетті. Команда наурыз туралы шығармалардан алынған үзінділердің авторын табу, суретпен жасырылған мақалдарды табу сынды сұрақтармен қатар «Наурыз шашу» және «Наурыз айтысқа» қатысты. Қобызда орындалған  Ықыластың күйі музыкалық сәлемдеме ретінде ұсынылса,  облыстық, республикалық ақындар айтысында жүлделі орындар иеленіп жүрген жас ақын Бексұлтан Орынбасар «Наурыз айтыстың» көрігін қыздырды. Алдын ала жарапазанның ерте кездегі және қазіргі таңда айтылуы  туралы бейнесюжет дайындалып,  басқа облыстық кітапханаларға  көрсетілді. Наурыз мейрамының мән-мағынасын ашып көрсетуге бағытталған «Бастаңғы» интеллектуалды онлайн форумы өте тартысты өтті.

14 наурыз 2023 ж. 16:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: