«Ұлт тағдырын шешкен ұлы шайқастар» атты тарихи кеш

       16 ақпан күні облыстық кітапханада «Ұлт тағдырын шешкен ұлы шайқастар»  атты тарихи кеш ұйымдастырылды. 

      Мақсаты – ұлт  тарихында ел тағдырын шешкен ұлы шайқастардың маңызы туралы мағлұмат беру, отан мен елді сүюдің жарқын үлгісі ретінде батыр бабаларымыздың ерлігін өнеге ету.

   Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Б.Ахметбек, «Байтерек school» мектебінің тарих пәнінің оқытушысы  Ә.Мырхиев және  көпсалалы «Ұлағат » колледжінің студенттері қатысты. Кеш қонақтары елін, жерін жаудан қорғаған бабаларымыздың ерлігі,  ел қорғаны болған батыр­ларымыздың жеткен ұлы жеңістері туралы баяндады.

      Оқырмандар назарына  «Тарихты білу – ұрпаққа парыз»  атты кітап көрмесі ұсынылды. 

16 наурыз 2023 ж. 10:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: