«Ғажайып кітаптар әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі

       27 наурыз күні 2 сәуір –  Дүниежүзілік балалар кітабы күні мерекесі апталығы аясында  «Ғажайып кітаптар әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

       Шараның мақсаты: балалардың кітапқа деген ынтасын арттыру және кітапты жәй ғана оқып қоймай, оны түсініп оқуға, өзін өзі тәрбиелеуге үйрету.

    Кітап көрмесі үш бөлімнен жасақталды. «Әлемдік балалар әдебиетінің жауһарлары» бөліміне балаларға арналған әлем жазушыларының ертегі кітаптары, «Балаларға базарлық» бөліміне балалар ақын-жазушыларының шығармалары, «Қилы қилы ертегі, қызық сырды шертеді» бөліміне сөйлейтін кітаптар  қойылды.

      Кітап көрмесі барысында ертегші-жазушы Ханс Кристиан Андерсеннің өмірі мен шығармалары таныстырылып, кітаптың шығу тарихы, кітап оқудың маңызы туралы айтылды.

27 наурыз 2023 ж. 16:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: