3 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған кітап көрмесі дайындалды.
Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда Жетісу облысы Сарқан ауданының Қарашыған елдімекенінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының алғашқы әнұран авторларының бірі. Ол бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған. Қысқа ғана ғұмырында жүзден аса шығармалар жазып кеткен.
Кітап көрмесіне композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, анықтамалықтар, естеліктер және суреттер қойылды.