28 сәуір күні облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Шиелі ауданында «Елге сәлем» жобасы аясында «Елім бар ақындарын ардақтаған» атты кездесу кеші өткізілді. Шараның мақсаты сол өңірден түлеп ұшқан қаламгер, ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттау.
Кештің құрметті қонақтары ретінде ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының төрағасы Қаршыға Есімсейітова, ақын, ҚР Ақпарат саласының үздігі Дүйсенбек Аяшұлы қатысты.
Сыр елінің біртуар ақын Ә.Тәжібаевтың туған өлкесіне табан тіреген қаламгерлер өз кезегінде сөз алып, жырдан шашу шашты. Өнер мен руханият әлемінің ақын-жазушыларына арнап оқырмандар өлең жолдарынан үзінділер оқыды.