12 мамыр күні облыстық кітапханада ақын, жазушы, аудармашы Әбдіқадыров Қалмақанның туғанына 120 жыл толуына орай «Қажымұқан» повесіне талдау жасалды.
Шараның мақсаты Халқымыздың даңқты перзенті. қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан туралы кеңінен насихаттап, жас ұрпақты спортқа, өнерге шақыру, үндеу.
Шараға №43 мектептің жоғары сынып оқушылар қатысып, атақты палуанның жүріп өткен жолы, бастан кешкен тіршілік-тағдыр сәттерін тартымды баяндады. Сонымен қатар оқырмандар Қалқаман Әбдіқадыровқа арналған «Тума талант иесі» атты кітап көрмесімен танысып, естелік суретке түсті.