15 маусым күні облыстық кітапханада «Нашақорлық - заман кеселі» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы З.Абдирова, Қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» аға маманы, теолог Б.Оспанов, облыстық жастар денсаулық орталығының маманы Г. Алмурзаева қатысты.
Мақсаты – есірткі заттарының, нашақорлықтың зиянды әсері, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру, зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Оқырмандар назарына «Есірткісіз болашақ» атты кітап көрмесі ұсынылды.