16 маусым күні облыстық кітапхана Қамқор кризистік орталығының жастарымен Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабына талдау ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - жазушы шығармашылығын насихаттау, жастарды қайсарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, сонымен қатар жастардың рухани дамуына ықпал жасау. Туынды өмір үшін күресті, шынайы махаббатты, адалдықты арқау етеді.
Оқырмандар назарына жазушының шығармаларынан жинақталған «Кітап-сабырлы ұстаз» атты кітап көрмесі ұсынылды.