9 қараша күні облыстық кітапханада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған апталық аясында «Алаштың ардақ тұтқан азаматы» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты – Т.Жүргенов мұраларын ұлықтау, құнды дүниелерін оқырманға насихаттау. Кеште қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары У.С.Ибраев Т.Жүргенов мұраларын зерттеуде Тәжікстанның орталык мемлекеттік мұрағатында жүргізген зерттеу жұмыстарының қыр-сырына тоқталса, ф.ғ.к. А.Е.Айтбаева «Комиссар Жүргенов» романына талдау жасады. Сондай-ақ Б.Ермекбаев атындағы №271 мектептің «Сыр саңлақтары» театр үйірмесінің мүшелері «Темір Нарком» атты сахналық көрініс қойып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арнау өлеңдерін оқыды. Шараға Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің, Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Бауыржанқызы,Г.Қуанышбай және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, №257 орта мектеп оқушылары қатысты.