Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттық бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Осыған орай республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында – «Ұлттық киім» күні өтті.