26 сәуір күні облыстық кітапханада қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқырмандарды ұлт үшін қызмет көрсетудің озық үлгісін көрсеткен Алаш арысы М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, есімін ұлықтау.
Кешке Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Б.Ибрагимова, А.Ақжігітова және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Оқырмандар М.Дулатұлының ұлт тарихында өшпес із қалдырған, қазақ халқын оятқан шығармаларының бірі «Оян қазақ» туындысына жан-жақты талдау жасады. Елі мен жері, ұлты үшін еркіндік жолында жанын пида еткен Алаш арысының өмір жолы туралы ой бөлісті.
Оқырмандар назарына «Алаштың асылтекті ардағы» атты кітап көрмесі ұсынылды.