KITAPKHANA.KZ
kz ru

Кітап және қаламгер

       21 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап және қаламгер» атты республикалық семинар өткізілді.  Шара ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы,  Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдығы және 24-қазан – Кітапханашылар күні мерекесіне орай  ұйымдастырылды.

       Шара өңіріміздегі кітапхана ісінің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген кітапхана мамандарын марапаттаумен басталды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов мерейлі мерекені құттықтаумен ашып, бірқатар әріптестерге марапаттар табыстады.

       Семинар жұмыстарына Қазақстан Республикасы Ұлттық және Қазақстан Республикасының  Ұлттық  академиялық кітапханасының мамандары арнайы келіп, облыс кітапханашылары үшін шеберлік сабақтарын өткізді. Атап айтқанда, «Қазақстанның мәдени және ғылыми мұрасының электрондық ресурсы: Ұлттық электронды кітапхана» тақырыбында ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың электрондық ресурстарды басқару қызметі жетекшісінің орынбасары Ратова Гүлшат, «Кітапхана қорларын  консервациялау және қалпына келтіру мәселелері» бойынша ҚР Ұлттық кітапханасының консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жоғары дәрежелі реставратор маманы Ускембаева Меруерт өңір кітапханашылары үшін  үлкен тәжірибелерімен бөлісті.

        Сонымен қатар облыс кітапханашылары «Өрелінің өрісі кең» тақырыбында ұйымдастырылған  интеллектуалды ойынға қатысты.             Ал семинардың екінші бөлігі әдебиет майталманы, Қазақстанның халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтың 115 жылдығына арналған шаралармен жалғасты. Ақынның өмірі мен  шығармашылығы жайында ҚР ҰАК директорының кеңесшісі Табаракқызы Айжан, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жаленова Қатира Сыздыққызы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Искакова Гүлнар Исламбекқызы әңгімелеп берді. Жастар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сонан кейін барлық шара қонақтарының қатысуымен ақынның ескерткішіне гүл қою рәсімі болды.

        Мерекелік шара барысында «Кітапхана шежіресі», «Кітап. Кітапхана ісі», «Мәдениет саласының үздіктері» бөлімдерінен тұратын «Кітапхана-білімпаздар мекені» атты кітап көрмесі дайындалды.

21 қазан 2024 ж. 18:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x