Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-де 1-қазан Халықаралық Қарттар күніне орай «Қарттарға құрмет –қасиетті борыш» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, оларды назардан тыс қалдырмау, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қазыналы қарттарымызды бағалау. Әртүрлі себептерге байланысты қарттар үйінде тағдыры тоғысқан, бірін-бірі алданыш тұтқан асыл қарттарымызға кітапхана қызметкерлері әсем ән-жырдан шашу шашып, арнау өлеңдерін оқып, ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Қариялар кешті ерекше ықыласпен тамашалап, өз алғыстарын білдірді, жастармен бірге би билеп, жақсы әсерде қош айтысты. Кеш барысында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кітап көрмесі таныстырылды