Облыстық кітапханада Отбасы күніне орай 6 қыркүйек – «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» апталығы аясында «Кітап даналығы отбасын нығайтады» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: балаларды кітап оқуға қызықтыру, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру. Сонымен қатар отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету, кітап оқуды насихаттау.
Кездесу кешіне кітапхананың оқырмандары, әр салада еңбек етіп жүрген өнегелі Жүнісбек, Әбілбек, Қанат және Сейтсұлтан жанұясы қатысты.
Шара барысында отбасын сақтау, бала тәрбиесі жайында әңгімелер айтылып, түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар балалар ана, әке, бала туралы ән айтып, өлеңдерін жатқа оқып, мақал-мәтелдер айтты.