8 қараша күні әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында «Отбасы бақыты – татулықта» тақырыбында арнайы мамандардың қатысуымен пікірлесу алаңы ұйымдастырылды.
Шараға «Ана үйі» қоғамдық қорындағы ресурстық орталықтың аймақтық маманы Жүсіпбаева Дина Маратқызы, «Анаға тағзым» орталығының психолог маманы Ергеш Аруна Әсілбекқызы, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының заңгері Есентаева Салтанат Жасаралқызы және Қызылорда ашық университетінің студенттері қатысып, жұртшылық арасында әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шаралар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.