Облыстық кітапхана 21 қараша күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60, №68 түзеу мекемелеріне «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрмеге Мұхаммед Қайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди», Б.Ұзақбаевтың «Алдаспандар рухы», З.Қинаятұлының «Қазақ мемлекеті және Жошы хан», І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы және қазақ хандары мен би-шешендерінің көптеген тарихи-танымдық әдебиеттер қойылып, библиографиялық шолу жасалды.