7 ақпан күні облыстық кітапханада оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Менің құқығым бар» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Шараға Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің, Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің оқушылар қатысты.
Шара барысында құқық туралы жалпы түсінік беріліп, екі топ білім сайыстырды. Сонымен қатар оқырмандар назарына «Бала құқығы – асыл қазына» атты кітап көрмесі ұсынылды.

