Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Аққұм» ауылдық кітапханасында ауыл кәсіпкерлігін қолдау онлайн орталығының ашылу салтанатыАшылу рәсімі ауыл әкімі Төлегенов Темірбектің құттықтау сөзімен басталды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры өзінің құттықтау сөзінде жобаның ауыл кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарын компьютерлік сауаттылыққа дағдыландыру және қажетті ақпаратты қашықтап пайдалана алуын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болатынын, онлайн-орталық жұмысына жетістіктер тілей отырып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.Сонымен қатар орталықтың салтанатты ашылуына қатысқан Қызылорда облыстық БҰҰ Даму Бағдарламасының менеджері Баян Егізбаева және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Аймақтық даму және тиімді басқару департаментінің Бағдарлама үйлестірушісі Қоянбаева Маликалар жоба туралы толық ақпарат беріп,өз құттықтауларын жолдап, ізгі тілектерін білдірді.
Шара барысында кітапхананың оқырмандары әннен шашу шашты. Онлайн орталықтың тұсауын кесу рәсімі Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Аймақтық даму және тиімді басқару департаментінің Бағдарлама үйлестірушісі Қоянбаева Малика мен ауыл ардагері Қойшыбай Райымбекке табыс етілді.
Түйіндей келе онлайн орталық қызметі - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен бірге жалпы қоғамның, биліктің, бизнестің, БАҚ өкілдерінің аймақтағы ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге және қоғамның дамуына барынша қолдау көрсетеді деген сенімдеміз.
|