«Адамзат даналығының алтын кілті - кітап»Кітап - уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат даналығының кілті екені даусыз. Кітап біздің рухани байлығымыз. Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың, осы кітапты қайталап оқу - ескі досыңды тағы да кездестіргенмен бірдей. 23-сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» аясында кітапхана фойесінде «Адамзат даналығының алтын кілті -кітап» атты кең көлемді жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Жыл басынан бері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қоры 1500-ден астам кітапқа толықты. Құнды дүниелермен жұртшылық бір апта көлемінде өтетін көрмеден таныса алады.Көрмеде мамандығына, жас ерекшеліктеріне қарамастан кез-келген оқырман өзіне қажетті дүниелерді таба алады. Мұнда көркем әдебиетті қалайтындарға, бүлдіршін бөбектерімізге, қолөнер шеберлеріне арналған, футболсүйер қауым мен сән қуған қыздарды да қызықтыратын кітаптар бар. Кітаптар оқырман қауымды тамсандырмай қоймайды. Келіңіздер! Көріңіздер! Оқыңыздар!
|