KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Оқу – сиқырлы кілт»-отбасылық оқу

      15 мамыр–Халықаралық отбасы күні. Отбасы күні 1993 жылғы 20 қыркүйектегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес аталып өтіледі. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.

    Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.

Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі отбасымен бірге оқуды ұйымдастыру, оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі мәдени шаралар өткізуде. Атап айтқанда: «Отбасының қызығушылық әлемі»атты отбасы вернисажы биылғы жылы 2 рет өткізілді. Шараға Жұмаділдаевтар және Долотовтар жанұялары қатысты.

15 мамыр күні балалар әдебиеті бөлімі «Оқу – сиқырлы кілт» - атты отбасылық оқу күнін ұйымдастырды. Отбасылық оқуға бөлімнің тұрақты, белсенді оқырмандары қатысты. Мақсаты: балаларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ата-анасын құрметтеуге баулу, кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметтік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашу, ойлауға, білуге құмарлығын дамыту, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

    Шараға қатысқан ата-аналар, балалар «Кітаппен бірге өсеміз» және«Танысыңыздар! Жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмелерімен танысып, өздері оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті, оқырмандармен сұрақ-жауап ойындары өткізілді.

 




15 мамыр 2015 ж. 10:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x