«Білім - білгенге байлық»-зияткерлік ойынӘ. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімін 12 маусым күні «Білім-білгенге байлық»атты зияткерлік ойын өткізді. Мақсаты: балалардың зеректік қабілетін дамытып ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Сайысқа №101, №12 І.Қабылов атындағы мектептердегі күндізгі тынығу лагерлеріндегі балалар қатысты. Балалар «Білгірлер», «Алғырлар» болып екі топқа бөлініп сайысты. Ойын «Кім тапқыр», ««Мақал-сөздің мәйегі», «Кім жылдам», «Жұмбақтар жасыру», «Жаңылтпаш айта отырайық» бөлімдерден тұрды. Шара соңында балалар кітапханаға саяхат жасады.
|