«Қайырымдылық – ізгі қасиет» 21-22 шілде күндері Жалағаш ауданының үйден әлеуметтік қызмет көр-сетілетін 20 мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер кітапханада қонақта болды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың руханият ордасы- кітапханаға келуіне Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесі мұрындық болып отыр.
«Қайырымдылық – ізгі қасиет » атты саяхат барысында кітапханамен, суретті «сөйлейтін» жаңа кітаптармен танысты. Кітапхана қызметкерлері арнайы ұйымдастырған «Сиқырлы лото», « Ертегі кейіпкерлерін тап» ойын-дарын ойнады.
Шара соңында кітапхана қонақтарына кітаптар сыйға берілді.
|