«Алматыкітап» баспасының өкілі – маркетинг басқармасының басшысы Шәкиева Бүбіхан Баратқызы облыстық кітапханада болып, «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында көркем әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды

      2015 жылдың 14 тамызы күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының ірі баспа және кітап таратушыларының бірі «Алматыкітап» баспасының  өкілі – маркетинг басқармасының басшысы Шәкиева Бүбіхан Баратқызы облыстық кітапханада болып, «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында көркем әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды және өз өнімдеріне шолу жасады. Сонымен қатар,  шара барысында, Ахмет Тоқтабайдың «Қазақ жылқысының тарихы», Зәбира Сыпатайқызы  Жәкішеваның «Қазақтың  музыкалық  аспаптары» атты кітаптарының тұсаукесері  өткізілді.  
    «Алматыкітап» баспасы - жауапкершігі шектеулі серіктестігінің негізі 1999 жылы қаланған. 2004 жылы шілде айынан бастап   «Алматыкітап» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі   болып аталады. Баспа негізінен баспалық өнімдерді басу және таратумен айналысады. Баспада жоғары оқу орындары мен мектептерге арналған оқулықтар және оқу құралдары,  көркем әдебиеттер,  сөздіктер, анықтамалықтар мен мектепке дейінгілер үшін әдебиеттер шығарылады.
     «Алматыкiтап» баспасы көптеген халықаралық кітап жәрмеңкелеріне қатысып келеді. Бүгінгі таңда облыстық кітапхана «Алматыкітап» баспасымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп отыр, кітапхана қорын толықтыруда баспа өнімдері жүйелі түрде жеткізіліп отырады. 
     Аталған шараға қаламыздағы оқу орындарының  кітапханашылары, мәдениет қызметкерлері, жергілікті ақын-жазушылар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты. 

 

 

 

 

 

 


 



 


 



17 тамыз 2015 ж. 16:59
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: