KITAPKHANA.KZ
kz ru

Отанды сүю иманнан

     2015 жылдың 11 қыркүйгінде сағат 10-00де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы және «Өркениет» медицина колледжі бірлесіп «Отанды сүю иманнан» атты ток-шоу ұйымдастырды.

      Отбасы бақыты – ұлт бақыты. Ұл - қыз тәрбиелеп, ұрпақ өсіру адамзат баласының басты арманы. Отбасы - қасиетті құндылық.

     «Ел болам десең – бесігіңді түзе» демекші, еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуы, ең алдымен, қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық ерекшеліктермен тәрбиелеуді қажет етеді, әрбір қазақ баласын өзінің ана тілінде, өз діні мен діліне сай үйлесімді тәрбиелеуді көздейді. Ата-бабаларымыздың халықтық тәрбиесінің нәтижелі болуы ислам дінімен байланысты десек қателеспейміз.

     Ток-шоу барысындаүлгілі ұл - қыз тәрбиелеу, ұлттық салт - дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау туралы әңгімелер қозғалды.

      Іс – шараның басты мақсаты – жас оқырмандардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту.

 

 


 


14 қыркүйек 2015 ж. 10:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x