Оқы, талқыла, ұсын... 16 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы балалар әдебиеті бөлімі наурыз айынан бастап №6, №7, №10, №23, №136, №144, №187, №235 мектептердің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырған жыл кітабы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша кітап марафонының қорытынды шарасын өткізді. Жыл бойы қала мектептерінің оқушыларымен бірге «Көшпенділер» кітабының тарихи беттерінен қазақ хандығы мен қазақ мемлекетінің бес ғасырлық тарихын талдап, олар трилогияның жарқын тарихи тұлғаларымен таныстырылды
«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» акциясының қорытынды шарасында осы «Оқы, талқыла, ұсын...» атты кітап марафонына қатысқан жеңімпаздарға оқырмандарға марапаттар тапсырылды. Атап айтқанда: «Ең үздік ұйымдастырушы», «Ең көп оқыған сынып» , «Ең көп окыған мектеп», «Кітапқұмар» және «Ең үздік эссе».
Шара барысында шағын көріністер, І.Есенберлиннің шығармашылығына арналған бейне-ролик, слайд көрсетілді. «Ең үздік эссе» тақырыбымен байқауға қатысқан оқушылардың эсселерінен көрме ұйымдастырылды.
|