Шоқан Уәлиханов-қазақтың жарық жұлдызы

        25 қараша күні  Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай «Шоқан Уәлиханов-қазақтың жарық жұлдызы» атты тақырыптық кеш өткізілді.

       Әлемдік ғылыми ортада бір ауыздан мойындалатын ғалымдар аз емес. Санаулы ғана, сол санаулылар ортасында бірегей тұлғаның бірі қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов деп білеміз.

      Тақырыптық кештің мақсаты: Шығыстың жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып оқырмандардың бойында туған еліне,  жеріне және халқына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

       Шараға №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің 6-7 оқушылары қатысты. Тақырыптық кеште  тарих пәнінің мұғалімі Л.Жунусова  қазақ халқының ұлы ойшылы, ұлттық мақтанышы, тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың өмірі, шығармашылығы жайлы әңгімеледі.  Оқушылар шара барысында ғалымға арналған өлеңдерін оқып, өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап берді, Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасынан шағын көрініс көрсетіп, Шоқан Уәлихановтың шығармашылығына арналған бейне-роликті  тамашалады.

     Шара соңында оқушылар «Ұлы даланың асыл перзенті» атты кітап көрмесімен танысты.  Сонымен қатар тақырыптық кешке №12 орта мектептің және №264 мектеп-лицейдің 6-7 сынып оқушылары қатысты.

Шоқан Уәлиханов-қазақтың жарық жұлдызы

 

Шоқан Уәлиханов-қазақтың жарық жұлдызы

 

Шоқан Уәлиханов-қазақтың жарық жұлдызы

 

Шоқан Уәлиханов-қазақтың жарық жұлдызы

 



 


 

 


 

25 қараша 2015 ж. 15:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: