Тасқа басылған тарихтың көші2015 жылдың 26 қарашасында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқу залы секторының ұйымдастыруымен Назарбаев оқулары апталығы аясында «Тасқа басылған тарихтың көші» атты дөңгелек үстел өтті. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде тәуелсіз Қазақ елі қалыптасты. Осы Егемендігіміз арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Міне, Президентіміз әрқашан осындай жарқын істердің шыңынан табылып отырды. Халқымыздың жетістікке жету жолдары, Ұлт Көшбасшысының өмір жолы, ғылыми әрі саяси ізденістері туралы дөңгелек үстелде талқыланды. Шараға Абылайхан атындағы колледж студенттері қатысты. Абылайхан атындағы колледж оқытушысы Абиева Жансая сөз сөйлеп, Қорқыт Ата университетіндегі «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ахметбек Бахытжан тақырыптық баяндама жасады.
|